jasqazaq.kz

Мұртаза Бұлытай Димашқа қатысты сынына пікірін білдірді

01 ақпан 2017, 14:55

Белгілі дінтанушы Мұртаза Бұлытай Қытайдың Хунан телеарнасы ұйымдастырған «Singer2017» ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеновке айтқан сынына түсініктеме берді. «Бүгінге дейін қытайдың киімін кидік, заттарын тұтындық, бірақ Қытай санамызға кіре алмаған болатын, біздің Қытайға деген көзқарасымыз әйтеуір базарымызды солардың өнімдері жаулап алған, бүкіл әлемді Қытай асырап жатыр деген қарабайыр түсінік деңгейінде болатын. Ал Қытай сыртымызда жүрсе де ішімізге кіре алмаған болатын. Яғни санамызға, ақылымызға, сезімімізге, менталитетімізге, психологиямызға осындай тележобалар қытайдың телеканалдарын әрбір қазақтың үйіне кіргізіп берді. Айналымнан айналымға дүйім жұрт осы тележобаны аңдумен, асыға күтумен, қараумен өтетін болды. Ал өзіңіз білесіз, осы телевизор, қазіргі интернет ақпаратты тасымалдаудың, сананы жаулаудың ең басты құралы. Қазір қытайға деген көзқарас өзгеріп барады, бұрынғы секемшілдіктен, сескенуден гөрі қазір тек оң баға беріп, өзеурете қарайтындар пайда болып жатыр, осыны айтып отырмын. Өнер де, спорт та, дін де тікелей немесе жанама түрде кейбір ықпалдарды тасымалдау үшін қолдануға қолайлы құралдар, лезде пәленбай миллион адамның назарын аударта алатын күш потенциалы ғажап феномендер. Менің айтып отырғаным  – осы қыры ғана, басқа жаққа тартпаңыздар, бұрмаламаңыздар, дұрыс түсініңіздер құрметті халайық…», деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында. Естеріңізге сала кетсек, Димаштың әкесі Қанат Айтбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасы арқылы дінтанушы сынына жауап бергенін хабарлаған болатынбыз.

 

 

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық