jasqazaq.kz

Мәнерлеп сырғанаушы Тұрсынбаева Rostelecom Cup-тың қысқа бағдарламасында 4-орын алды (Видео)

05 қараша 2016, 4:21

figurnoekatanie

Бүгін Ресейдің Мәскеу қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының үшінші кезеңі — «Rostelecom Cup 2016» жарысы басталды. Аталған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қатысуда. 16 жастағы спортшымыз 4 қараша күні сағат 23:25-те басталған жарыста алғашқы өнерін көрсетті.

Sport-express.ru сайтының жазуынша, қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Анна Погорилая тұр. Екінші және үшінші тізімге оның отандастары Елена Радионова мен олимпиада чемпионы Юлия Липницкая орналасты. Ал қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева төртінші орынға жайғасты. Комментатор, мәнерлеп сырғанаудан белгілі бапкер Татьяна Тарасова Элизабеттің жасын меңзей отырып, оны «кішкене қыз» деп атап, келешегі алда екенін айтып өтті.

Мәскеу, «Гран-при» кезеңі:
1. ПОГОРИЛАЯ (Ресей) — 73,93
2. РАДИОНОВА (Ресей) — 71,93
3. ЛИПНИЦКАЯ (Ресей) — 69,25
4. Турсынбаева (Қазақстан) — 64,31
5. Ли Цзыцзюнь (Қытай) — 63,89
6. Хикс (АҚШ) — 63,68

5 қараша күні халықаралық жарыс еркін бағдарламада қайта жалғасады. Э.Тұрсынбаева мұз айдынына 7-інші болып шығады. Басталуы сағат 22:35-те. Қазақстандық көрермендер доданы «Kazsport» арнасынан тікелей эфирден көре алады. Еске салайыққ, Элизабет былтыр «Skate America-2015» турнирінде — төртінші, «Skate Canada — 2015» бәсекесінде жетінші орынға ие болған еді. Сонымен қатар, Тұрсынбаева ағымдағы жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қола жүлдегері. Ол сондай-ақ скрипкада, фортепианода ойнайды. «Rostelecom Cup 2016» турнирі — бұл 2016-2017 маусымның мәнерлеп сырғанау бойынша ISU Гран-придің үшінші кезеңі. Турнир ұйымдастырушысы — ISU қолдауымен Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясы. Жарыс ерлер мен әйелдердің жекелей сырғанауы, жұппен сырғанау және мұзда билеу категориялары бойынша өтеді.

https://www.youtube.com/watch?v=B1SOibSKNfU

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық