jasqazaq.kz

М.Горбачев: Қазаққа ешқашан батыр атағы берілмейді

30 қазан 2016, 22:18

gorbachevЖелтоқсан оқиғасының 30 жылдығы Астананың «Редиссон» қонақүйінде «Қазақстан тарихшылары қауымдастығының» шеңберінде аталып өтті. Бұл жиынның негізгі мақсаты – Желтоқсан оқиғасын зерттеуді халықаралық саясат, тарих, философия, психология және т.б.  ғылымдарының айналымына енгізіп, әлемдік ғалымның зерттеу субъектісіне айналдыру екен. Алыс-жақын 8 шет елден, еліміздің барлық түкпірінен ғалымдар мен саясаткерлердің шақырылып отырған себебі сол.

Жиынға құттықтау сөздер айтқандардың қатарында Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани мырза болып, ол Қазақтың тоталитаризмге қарсы желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толса, Венгрияның 1956 жылғы төңкерісіне 60 жыл болғанын атап өтті.

Қазақтың тұңғыш-ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың де құттықтау сөзі оқылды. Ол өзі жақын туысы қайтыс болғандықтан жиынға келе алмапты. Батырдың сөзінде бұрын айтылмаған бір дерек қылаң берді. 1987 жылы Т.Әубәкіров Мәскеуде тұрған екен. Оның сол жылы жасаған ерлігі Батыр атағына ұсынылып, КСРО ЖК хатшысы Т.Ментешашвили Жарлыққа қол қою үшін Горбачевке апарса, «Желтоқсан» үшін халқымызға әбден өшіккен қалдыбай оны: «қазаққа ешқашан да батыр атағы берілмейді» деп қолымен қағып жіберіпті. Тек, Т.Әубәкіров партиялық есепте тұрған Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы В.Гришиннің  табанды түрде талап етуінің арқасында ғана Тоқтар ағамыз Батыр атағын алған көрінеді.

Сөйтіп, шенеуніктер өз арасында жат түгіл жақынына істей алмайтын жақсылықты В.Гришин қазаққа жасаған екен…

shyn.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты