Тамерлан шоссесінде полицейлер өзін мүгедек етіп көрсетіп жүрген қайыршыны ұстады, – деп хабарлайды motor.kz. Оның видеосы автокөліктің бейне регистраторына түсіп қалған. Бейнежазбада сол қолын жоқ қылып көрсеткен азамат қайыр сұрап тұрады. Полицейлерді көрген қайыршы сасқалақтаса да, жұмысын жалғастыра береді. Оған жақындап келген полицейлер күртешесін шешкен кезде ішінен сау қолы көрінеді. Өтірігі әшкере болған қайыршыны полицейлер бөлімшеге алып кетеді.
https://www.youtube.com/watch?v=-n_Lx3FkCzg