jasqazaq.kz

Мүгедек әкенің ерлігі

28 қараша 2016, 12:36

snimok

Қырғызстандық Рахатбек Үсөнқожаев балаларын жалғыз асырап отырған бірінші топтағы мүгедек. Екі аяғы сыр беріп, арбаға таңылған қиын кезеңде жанындағы демеу берер жалғыз жұбайы тастап кеткен. Осы қиын халіне қарамастан, қолсөмке тігіп үш баласын ешкімнен кем етпей жетілдіріп отыр.
ihsan.kz хабарлағандай, «мал шаруашылығымен айналысамын деп құлап, аяғымды қатты зақымдап алдым. Ұзақ уақыт бойы төсек тартып жаттым. Бұл жағдай әсіресе анама ауыр тиді. Ал жұбайым менің осы хәлімді елеместен екі жылдан соң үйден кетіп қалды. Балаларымды өзіме алып қалдым»,-дейді Рахатбек өз сөзінде.
Басына түскен ауыр жағдайға сағын сындармаған жалғыз басты әке балаларын аяққа тұрғызу үшін шағын кәсіппен айналыса бастайды. Алдымен анасына сөмке тігіп, кейін кәсіптің осы түріне икемі барын түсінген.
«Алғашқыда қызығушылықпен өзімді сынап, сөмкенің түр-түрін тіктім. Кейін оны кімге және қалай сатамын деп ойланып жүрген кезімде, қаламызда қолөнер фестивалі өтті. Қол туындыларымды сол жерге көрмеге қойғанымда қызығып, тапсырыс бергендер көп болды»,-деп кәсібін қалай бастағанын есіне алады.
Қазір сөмкелердің бағасы теңгемен санағанда 3 000 теңгеден 74 000 теңгеге дейін барады. Ұлттық ою-өрнекпен нақышталған сөмкелерге тапсырыс беріп, сатып алушылар да баршылық.
Кәсіптен келіп жатқан кіріс көзі жақсы болғанымен, Рахатбек Үсөнқожаевті өзінің денсаулығы қатты ойландырады. Себебі, дәрігерлердің айтуынша оның арбадан тұрып кетуіне ешқандай мүмкіндік қалмаған. Ал, жалғыз басты әке «бастысы екі қызым мен жалғыз мұрагерімді аяққа тұрғызып, ешкімнен кем етпей өсірсем болды»,- деп отыр.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты