
Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова жұмысқа автобуспен барды. Ол Инстаграм парақшасында қоғамдық көлікте түскен суретін жариялады.
«Жақында бір сұхбатта: Қоғамдық көлікке мінесіз бе? Және жол ақысының қанша екенін айта аласыз ба?» — деген сұрақтар қойды.. Азамат екеуміз автобуспен студияға бара жатқан сәттен» — деп жазыпты әнші.
Baq.kz хабарлағандай, Мәдина қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қанша екенін де біледі екен. Әнші #Автобус #Проезд_80_тенге деп хэштегпен белгілеп қойыпты.