
Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, 10 сотық жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешіп беру керектігін айтты.
Оның айтуынша, соңғы уақыттары қоғам арасында бұл мәселе жер-жерлерде қызу талқылануда. М.Әбенов «Жаңа Бақытжан Сағынтаев мырза Жер реформасы жөніндегі комиссиясының ел ішіндегі абырой-беделі мен бұқараның сенімі жөнінде өте орынды пікір айтты. Соған қосымша, айтқым келетіні: егер жоғарыда аталған кезекте тұрған 1 миллионнан астам азаматтың мәселесін оңтайлы шешіп, реттеп беруге атсалысатын болсақ, коммиссияға деген сенімділік те нығая түсетіні сөзсіз», — деді.