jasqazaq.kz

М.Әшімбаев: «Ұлттық қорды орталай бермеу керек»

16 наурыз 2023, 11:25

Сенаттың бүгінгі отырысында 2023-2025 жылдарға арналғ,ан республикалық бюджетті нақтылау талқыланып жатыр. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық қор активінің кемуіне алаңдайтынын жеткізді.

«Жалпы біз базалық инфрақұрылымды және стратегиялық шығындарды ұлттық қордан қаржыландыру керектігін қолдаймыз. Бірақ сонымен бірге ұлттық қор қаржысын 100 млрд долларға дейін жеткізу туралы Президент тапсырмасын да орындауымыз керек. Қазір біз ұлттық қор қаржысының төмендеу тенденциясын көріп отырмыз. Кейінгі 8 жылда ұлттық қорымыздың қаржысы 73 млрд доллардан 57 млрд долларға дейін түскен. Яғни, төмендеу тенденциясына куә болып отырмыз. Міндетіміз — ұлттық қор қаражатын ұлғайту арқылы балалар шотына бөлінетін ақшаны көбейту болып тұр. Осыған байланысты бәрімізге алдағы кезеңде қаржылық тәртіп керек шығар. Алда Мәжілістің жаңа депутаттары келеді, жаңа партиялар, жаңа күн тәртібі алға шығады. Жаңа бастамаларға ақша сұрайды. Олардың өз міндеттері бар екені түсінікті. Дауыс берушілерге жұмыс істеп жатқанын көрсетуі керек. Бүгінде ұлттық қор қаражатын пайдалану мәселесі, жалпы экономиканың дамуы оңай болып тұрған жоқ. Сондықтан бәріміз қаржылық тәртіпке бағынуымыз қажет», – деді Сенат спикері М.Әшімбаев.

JQ-Aqparat

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка