jasqazaq.kz

Ломбардқа шабуыл жасаған бұзақы ұсталды

14 тамыз 2016, 22:13

photo_28437

Астанада ломбардқа шабуыл жасап, екі адамды кепілге алған қылмыскер ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz оқиға орнынан.

Бұл арнайы жасақтың ғимарат ішіне кірген кезде болды. Күдіктіні ұстау кезінде атыс-шабыстар болмаған. Кенесары көшесінің бойында жол қозғалысы қалыпты жұмыс істеп жатыр. ІІД өкілдерінің хабарлауынша, тұтқынға алынған ломбард қызметкерлері дін аман. Қарақшыны ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

«Келіссөздер жүргізудің арқасында ломбардтың қызметкерлері босатылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір шабуыл жасаған жігіттің 1979 жылғы Астана тұрғыны екені белгілі болды. Келіссөздер жүргізу барысында қарақшы өз еркімен берілді. Тергеу жұмыстары жүргізіледі», — дейді Астана қалалық ІІД-нің ресми өкілі Софья Қылышбекова. Келіссөздер 2,5 сағат жүргізілген.

Осыған дейін, Кенесары көшесінің 82-ші үйде «М-Ломбард» ғимаратына заңсыз кіруіне орай, дабыл жүйесі іске қосылып есіктер бұғатталды. Ломбардтың ішінде екі қызметкер болған және ер адам тонау мақсатында кіруі мүмкін. Оқиға болған кезде ломбардтың ішінде келушілер болмаған. Аудан қоршауға алынған болатын.

8adba91c59fbfe8aacfac46e098798b9

cf9bbe876530d52644246bcb5a5d922d

b157ee5371a890485403cabee56826e5

kaz.tengrinews

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық