jasqazaq.kz

Сафар Шәкеевті іздеген еріктілер жадынан айырылған жігітті тауып алды

25 шiлде 2016, 0:37

20160725000001

Сафар Шәкеевті іздеу барысында еріктілер жадынан айырылған басқа жігітті тауып алды. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында Сафар Шәкеевті іздеу жұмыстарына қатысып жүрген Бекнұр Қисықов жариялады.

«Достар, іздеу барысында жадынан айырылған мына бір жігітті кездестіріп қалдым. Ол 7-шіде, жансақтау бөлімінде жатыр. Оны көлік қағып кеткен. Амнезия. Жасы шамамен 30-да. Кім екенін, үйі қайда екені есінде жоқ. Алматыда ағасы бар екенін айтады. Ауруханада жатқанына 1 апта болды. Мүмкін біреулер танып қалар. Өзін Махмұд Әлиевпін дейді. Бірақ бұл анық емес», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ІІБ-на 16 шілдеде шамамен сағат 22:00 түсті. Оны 110 полицей мен 60 ерікті іздеді.

Атап өтейік, белгілі қазақстандық композитор ұлының қай жерде екенін айтқан адамға 10 млн теңге беретінін айтқан.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық