jasqazaq.kz

Әли Бектаев: Мәселе санда емес…

26 мамыр 2016, 13:58

1

1,2 млн адамның баспан салу үшін жер теліміне қол жеткізе алмай жүргенін жазғанбыз. Артынша ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Осыған орай әлгі деректі жариялаған «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясының төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаевті сөзге тарттық.

Жас қазақ:Сіз «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық коалициясының отырысында елімізде 1,2 млн адам үй салуға жер кезегінде тұрғанын айттыңыз. Бірақ Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Жас қазаққа» берген сұхбатында бұл мәліметті Сіздің қайдан алғаныңызды білмейтінін мәлімдеді. Сонда кімге сенеміз?
Әли Бектаев: Ол мәлімет жер реформасы жөніндегі комиссияда кейбір азаматтардың тарапынан айтылды. Негізінде 1 млн 200 мың адамды отбасыға шаққанда орта есеппен 3 адамнан деп есептесек, кем дегенде 350-400 мыңға жуық отбасы болады. Яғни, бұл үй салуға жер алуды қажет ететін отбасылар. Көбісі жастар, соның ішінде жас отбасылар бар. Негізгі проблема оның санында емес, мәселенің тоқтап тұрғанында. Сол себептен бұл мәселені шешу керек. Себебі бүгінгі көтеріліп отырған жер мәселесінің арғы жағында баспанасыздар проблемасы да бар.
Жас қазақ: Қалай ойлайсыз, жер комиссиясының жұмысы барша халықтың көңілінен шыға ала ма?
Әли Бектаев: Меніңше комиссияның жұмысы жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Біріншіден, оған барлық сала өкілі, қоғамдық ұйым басшылары ат салысуда. Олар өз ойын ашық айтуда, сол ойлар толығымен талқылануда. Халық арасында айтылып жатқан нәрсенің бәрі ортаға салынуда. Ең негізгісі – осы. Екіншіден, еленбей, ескерілмей қалып жатқан пікір жоқ. Міне, осының бәрі есепке алынса, ертеңгі күні содан бір қорытынды шығаруға мүмкіндік туады. 4 топтың да жұмыс бағыты дұрыс. Сондықтан бұл комиссияның жұмысынан тиянақты қорытынды шығатынына сенімдімін.
Жас қазақ:Түнеукүні «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әуезхан Дарынов: «Әкімдер жерді қарапайым шаруаға бермейді» деді. Сіз осымен келісесіз бе?
Әли Бектаев: Жерді қарапайым шаруа ала алмайды. Өйткені, ол қаржы алуға қойылатын талап үдесінен шыға алмайды. Мысалға, кепілдікті алайық. Мемлекет есебінен берілетін жеңілдік тиісті қаржы институты арқылы беріледі. Ол үшін кепілдік болуы тиіс. Шаруаның тиянақты жері, мүлкі болуы шарт. Міне, осы жерде қиыншылық бар. Біз қазір неге: «Жерді шаруа жекеменшікке алсын» — деп жатырмыз? Егер оның өз жері болса, мемлекет беретін жеңілдікті пайдалануға мүмкіндігі молырақ болады. Негізінен, бұл мәселенің шешімі – жақында қабылданған «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңда көрсетілген. Майда шаруашылықтар іріленуі керек. Жерлері кеңеюі керек. Мұның бәрі жердің құнарлылығын арттыру үшін қажет.

Сұхбаттасқан Төлен Тілеубай
Астана

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты