jasqazaq.kz

Левитті мойындаған комментаторға бәле салды

16 тамыз 2016, 17:04

7d1269e4312eaa40502e389ed88bed85

Ресейдің беделді жүргізушісі әрі бокс маманы Александр Беленький 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Евгений Тищенко мен казақстандық Василий Левит кездесуін «Россия-1» телеарнасынан жүргізе отырып, төрешілердің жеңісті ресейлік боксшыға бұрып бергенін қолдамаған. Бұл туралы Ult.kz хабарлады.

«Жекпе-жек жүріп жатыр, — дейді Беленький кездесудің аяқталуына 10 секунд қалғанда. — Өкінішке қарай, менің ойымша, Левит көбірек дәл соққылар жасаған секілді. (…) Мен не айта аламын. Өте мықты кездесу. Мен төрешілердің не айтатынын қобалжып күтіп отырмын. Олар не айтса да, міндетті түрде, көңілі толмағандар болады, маған сеніңіз. (…) Әрине менің өз пікірім бар, алайда ол ештеңе шешпейді. Бұл жерде тек құдайға жалбарыну керек».

Александр Беленькийдің Facebook парақшасында Артем Клопов деген қолданушы пікір қалдырған: «Осы кездесудегі ең жағымды мезет — ол сіздің пікіріңіз. Әуесқой бокста не болып жатқанын бір құдай білсін. Левит 3 раундтың 2,5 жеңді. Бізге төрешілер кәдімгідей көмектесті, бірақ бұл көңілге қуаныш сыйламайды».

Осы пікірге қатысты ресейлік маман жауап қайтарды: Рахмет. Менің пікірім өзіме еш қуаныш алып келмеді. Мені ертеңгі трансляциядан алып тастайтын шығар дегенді жоққа шығармаймын. Менің үстімнен арыздар жазылып қойды».

Еске салайық, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Василий Левит кеше, 15 тамызда 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен. Төрешілер Тищенкоға жеңіс берген кезде залда жиналған жанкүйерлер ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық