jasqazaq.kz

Лас су ішуге мәжбүр

23 шiлде 2016, 2:17

zagryaznennaya-zhidkost-iz-skvazhiny-opasna-dlya-zdorovya-chelov

Қарағандының іргесіндегі Дубовка елдімекенінің халқы сегіз жылдан бері ішуге жарамсыз, сапасы күмәнді суды тұтынып отыр. Ең сорақысы, осыдан бес жыл бұрын «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында қыруар қаржы бөлініп, бес бірдей құдық орнатылған. Алайда, бағдарламаның аты дардай болғанымен, суы тұтынуға жарамсыз. Ауыз судың ішуге қауіпті екенін тіпті, прокурорларда растап отыр.

Қарағандыдан небәрі 10 шақырым жерде орналасқан Дубовка елдімекенінің халқы үшін су алтыннан да бағалы. Өйткені, мұндағы 4 мың тұрғын үшін 5-ақ құдық бар. «Оның өзінде ағатын су ащы, әрі лас», — дейді көпшілік.
Бірнеше жылдан бері суға телміріп отырған ауылдықтар үшін бес бірдей құдық «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында орнатылған болатын. Бірақ 2013 жылы екеуі жарамсыз деп танылды. Өйткені, суды зерттеген комиссия мүшелері тіршілік нәрінің құрамындағы кейбір қоспаларың шамадан тыс көп екенін дәлелдеп, құдықтарға сүзгі орнату қажет екенін шегелеп тұрып тапсырған.

ЛЮДМИЛА НОГАЕВА Дубовка елдімекенінің тұрғыны:
— Шенеуніктер айтылған тапсырмаларды орындағысы жоқ. Сүзгілерді қоймасқа болмайды. Өйткені, біздің балаларымыз ішсе, ауырып қала ма деп қорқамыз.
Ал сүзгілер мен төрт құдықты шенеуніктер биылдан қалдырмай ауыстырамыз деп уәде берді. Қазір жауаптылар ақшаның бөлінуін күтіп отыр екен.

САПАР САТАЕВ, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:
— Тек қана жалғыз бір көрсетіп тұрғаны жесткость болып тұр. Сондықтан қазіргі кезде қаржы қарастырылып жатыр. Төрт құдыққа фильтр қойып, суды тазартамыз.
Әкімдіктегілер суды тазартуға 3 миллион теңге жұмсалатынын айтады. Ал жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп сендірді. Сондықтан әзірге тұрғындарға тіршілік нәрін сатып алып ішуге кеңес береді.

31.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық