jasqazaq.kz

Лаңкестік үшін жазаны күшейту заң жобасы Сенатқа жолданды

09 қараша 2016, 17:34

20161109163901

ҚР Парламенті Мәжілісінің  жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.  «Қарастырылып отырған заң жобасының негізгі мақсаты экстремизмге және лаңкестікке, қару-жарақ айналымыне қарсы іс-қимыл мен көші-қонды реттеу салаларында заңнаманы жетілдіру болып табылады. Заң жобасы азаматтарды, қоғамды және мемлекетті қатерден қорғау деңгейін арттыруға бағытталған»,-деді баяндама жасаған депутат Жанат Жарасов. Оның сөзіне қарағанда, аталған заң жобасын талқылау барысында үкіметтік емес сектор, қоғамдық ұйымдар мен отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен кеңінен пікір алмасулар болды. Осыған байланысты ішкі мигранттарды тіркеу туралы мәселе қызу талқыға түсті. Заң жобасын қабылдаудағы мақсат — экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, қару-жарақ айналымы және көші-қонды реттеу саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге негізделген. Онда қару-жарақ айналымын, оны сақтау тәртібін бақылауды күшейту, оның ішінде азаматтық, қызметтік қару және оқ-дәрі айналымы, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыру ескерілген. Бұдан бөлек, экстремизм мен терроризм үшін, оның ішінде халықаралық лаңкестік ұйымдарға және шетелдік қарулы жанжалдарға қатысқаны үшін жазаға тарту шараларын күшейту, лаңкестікке ықпал ететін діни топтар мен бірлестіктердің қызметіне тыйым салу қамтылған.  Сонымен қатар терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтамағаны үшін, сондай-ақ қолданылуы міндетті техникалық құралдардың жарамсыздығы үшін күзет құрылымдарының және лаңкестік жағынан осал нысандар иелерінің әкімшілік жауапкершілігін енгізу көзделіп отыр.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық