
Шахтинск қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылды. Шахан ауылындағы төтенше жағдай туралы хабар Қарағанды облыстық ТЖД құтқару бөлімшесінде 1 қаңтарда сағат 22.40-та түскен. Оқиға орнына ТЖД-ның қызметкерлері мен көліктері үй тұрғындарын эвакуациялау үшін жіберілген.
caravan.kz хабарлағандай, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Ал кейін Иманқұловтың айтуыша, қираған үйдің астынан 9 адамның мәйіті табылған. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар қирандының астынан адамдарды іздеп жатыр.