jasqazaq.kz

Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды

27 желтоқсан 2022, 12:27

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік сүрмерген атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сhampionat.com сайтынан алынған дерекке қарағанда, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) үздік сұрмендер тізімін жариялады.

Есепке ресми халықаралық клубтық жарыстарда (құрлықтық және әлемдік), сондай-ақ ұлттық құрама сапында соғылған голдар ілікті.

Криштиану Роналду 270 голмен көш бастаса, Лионель Месси (235) – екінші, Роберт Левандовски (178) үшінші орында.

Тізімге барлығы мына ойыншылар енді:

1. Криштиану Роналду (Португалия) – 270 голов;

2. Лионель Месси (Аргентина) – 235;

3. Роберт Левандовски (Польша) – 178;

4. Герд Мюллер (Германия) – 137;

5. Неймар (Бразилия) – 136;

6. Карим Бензема (Франция) – 128;

7. Рауль (Испания) – 123;

8. Али Даеи (Иран) – 122;

9. Ференц Пушкаш (Мажарстан) – 122;

10. Луис Суарес (Уругвай) – 121;

11. Златан Ибрагимович (Швеция) – 119;

12. Эдин Джеко (Босния және Герцеговина) – 117;

13. Дидье Дрогба (Кот-д′Ивуар) – 115;

14. Андрей Шевченко (Украина) – 115;

15. Эдинсон Кавани (Уругвай) – 113;

16. Роналдо (Бразилия) – 112;

17. Тьерри Анри (Франция) – 110;

18. Ромарио (Бразилия) – 109;

19. Ромелу Лукаку (Бельгия) – 108;

20. Самуэль Это′О (Камерун) – 105.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мбаппенің әлем чемпионатынан кейін ең қымбат ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде