
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Аравия клубы «Аль-Насрмен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аlarabiya-ға сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 37 жастағы форвардпен келісім екі жылға жасалған.
БАҚ-тардың мәліметінше, Роналду жарнамалық келісімдерді қоса есептегенде жылына 200 млн еуро жалақы алатын болады.
«Аль-Наср» клубының жұмысы аса шабыттандырады және жоғары жетістіктерге жету үшін командалас достарымның қатарына қосылуға қуаныштымын», — деді әйгілі футболшы.
Аталған клубтың директорлар кеңесінің төрағасы Мусали Аль Муаммардың айтуынша, бұл келісім жай ғана тарихи бетті бастау емес, одан да айтулы оқиға.
«Аль-Наср» Сауд Арабиясының сегіз мәрте чемпионы (соңғы титулды 2019 жылы иеленді) атанған клуб.
Посмотреть эту публикацию в Instagram