jasqazaq.kz

Көшіп жүрген тау

20 қантар 2023, 16:30

Бірнеше күннен бері таудың сұлбасы қызу талқыға түсіп жатыр.
Алдымен ол «тау» Ұлытау облысының логотипінде пайда болды. Дәлірек айтсақ, байқауда жеңімпаз деп танылған нұсқада.

Әйтсе де, 129 дизайнердің алдын орап кеткен автордың қуанышы ұзаққа бармады. Үздік деп танылған таңбадағы таудың сұлбасын «ғаламтордан көшіріп алған» деп әлемжелі шу ете қалды. IconsDB тегін сервисінен тіміскіленіп жүріп кімнің тауып алғанын ит білсін, бірақ екі тау — егіз қозыдай. Бір-бірінен аумайтыны көзге ұрып тұр.

Таудан шыққан даудан кейін облыс әкімдігі кері шегінді, яғни байқау комиссиясының шешімінің күшін жойды. Сөйтіп эмблема авторы 500 мың теңгеден қағылды.

Мұнымен оқиға бітпейді. Әлгі таудың сұлбасы бүгін Жарма ауданы (Абай облысы) байқауында жеңімпаз атанған логотипке «көшкенге» ұқсайды. Аудандық әкімдіктің Фейсбук парақшасында ауданның эмблемасына жарияланған байқаудың нәтижесін жалпы дауыс беру арқылы анықтады. Дауыс берген 1207 адамның басым бөлігі (61 пайызы) 1-ші нұсқаға, 39 пайызы 2-ші нұсқаны таңдапты.

Міне, ғаламтордың кереметі! Сурет салу үшін шабыт шақырудың да қажеті жоқ. Көшіре салған оңай.

Наргүл Мырзахмет

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики