
Бүгін Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында дипломат, бірінші дәрежелі кеңесші Тауфиқ Рахымбековке қатысты басталған сот отырысы ертеңге қалдырылды. Себеп – дипломаттың денсаулығына байланысты медициналық сараптама жүргізілмек.
Еске ала кетер болсақ, Қазақстан Республикасының Үндістандағы экс-консулына жалған құжат жасаумен айналысты, заңсыз миграцияға визалық қолдау көрсетіп, мемлекетке 200 мың АҚШ доллары шамасында зиян келтірді деген айып тағылған болатын.

