jasqazaq.kz

«Конструктор» көліктер де заңдастырылады

07 наурыз 2023, 15:06

Елімізге бөлшектеп әкелініп, құрастырылған көліктерді заңдастыруға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті «Ашық» НҚА порталында жариялаған Үкімет қаулысында айтылды.

Кедендік тазартудан өткені туралы мәліметі жоқ автокөлік іздеуде болмаса, бастапқы мемлекеттік тіркелгені үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесімен мемлекеттік тіркеуге болады.

Ол үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:
— өтініш берушінің көлік құралын сатып алу мән-жайлары көрсетілетін өтініші;
— ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын қарап тексеру актісі;
— техникалық байқаудың диагностикалық картасы негізінде қолдануға жол беріледі.
Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде мұндай өзгеріс Қазақстан аумағына бөлшектеп әкелініп, елде құрастырылған көліктерді заңдастыруға арналғаны айтылған.

«Бұл қосалқы бөлшектердің түрлері бойынша әкелінген және Қазақстан азаматтарына өткізілген автомобильдерді заңдастыру үшін қарастырылып отыр. Көлік құралдары Қазақстан аумағында ғана пайдалануға жатады. Мұндай көлік құралдарына қатысты меншік құқығын өзгертуге жол берілмейді. Мұндай көлік құралын тіркеу туралы куәлікте меншік құқығын өзгертуге тыйым салу, тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етіледі», — делінген қаулыда.
Құжат 24 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде