jasqazaq.kz

Колумбиядағы ұшақ жанармайы таусылған соң құлаған

01 желтоқсан 2016, 10:38

ushak

Дүйсенбі күні Колумбияда апатқа ұшыраған BAE Avro ұшағы жанармайы таусылуы себепті құлаған, деп жазады Би-би-си. Жергілікті БАҚ-та ұшқыш пен колумбиялық әуе диспетчерінің диалогы жарияланды. Жазбада ұшқыш электр құрылғыларының істен шығып, жанармайдың таусылуына байланысты бірнеше рет қонуға рұқсат сұрайды. Әуе диспетчері қонуға рұқсат береді. Жазба соңында ұшқыш ұшақтың 2,7 шақырым биіктікте екенін хабарлаған. Дүйсенбі күні ұшақ Колумбияның солтүстігіндегі Медельин қаласы маңындағы таулы өлкеге құлады. Әуежайдың ресми хабарламасында экипаждың қозғалтқыш ақауы туралы хабарлағаны айтылған еді. Сонымен бірге, колумбиялық БАҚ жанармайдың аздығы туралы хабарлады. Франс пресстің Колумбия қарулы күштеріндегі ақпарат көзі ұшақта ешқандай жарылыстың болмағанын, жанармайдың таусылғанын топшылап отырғанын жеткізген. Алайда, жайдан-жай отынның болмауы да күдік тудырады.

ҚазАқпарат

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты