jasqazaq.kz

Коллекторға тықыр таянды

28 ақпан 2023, 16:36

Елімізде коллекторларға қылмыстық жауапкершілікті қайта енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы 0аржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өткен брифингте ол: «Соңғы 2 жылдың ішінде коллекторлық ұйымдарды қадағалауға барынша қатаң қарадық. Коллекторлық нарықтың 37 субъектісінің қызметі тоқтатылды. 2021 жылы борышкерлермен өзара іс-қимылда міндетті аудиофиксация бөлігінде белгілі бір шектеу енгізіліп, үшінші тұлғалармен – жұмыс берушілермен, туған-туыстармен коллекторлардың өзара іс-қимылына тыйым енгізілді. Осының бәрі шектелді. Дегенмен қосымша шектеулер қажет деп санаймыз. Сондықтан коллекторлардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін күшейту бөлігінде заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленді», -деді.

Бұған дейін коллекторлардың заңсыз әреуеттері үшін қылмыстық жауапкершілік заңнамалық тұрғыда қарастырылмаған. Бұған қоса, әкімшілік жауапкершілікті 2 есеге дейін арттыру да ұсынылып отыр. Заң жобасы Мәжіліс қарауына жіберілген.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық