jasqazaq.kz

Көкшетауда құрылысшылар жалақыға жарымай жүр (Видео)

25 наурыз 2023, 11:30

Көкшетауда мектеп салып жатқан құрылысшылар жалақыға жарымай жүр. Ақшаның жырымдалғанына екі жыл болды дейді олар. Бас мердігер «Никс инжиниринг рупп» Серіктестігі бәрін құрғақ уәдемен әбден тойдырыпты. Оның үстіне жеті жылға созылған сақалды құрылыстың аяқталар түрі жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Соның салдарынан Құлагер ықшамауданындағы 600-дей оқушы қаланың әр мектебінде тарыдай шашылып оқып жүр. Тапсырыс беруші әкімдік бірнеше жылдан бері мердігермен соттасып жүр.

Мектептің қазығы 2016 жылы қағылған. Содан бері бас мердігер бірнеше жеке компаниямен жұмыс істепті. Бірақ жалақысын уақтылы бермей, сандалтып қойған. Құрылыс басталғалы айғай-шуы бітпеген нысанда жұмыс істеген шағын компания басшылары өз жұмысшыларымен есеп айырысу үшін қолындағы барын сатуға мәжбүр болыпты.

Ольга Әбілова, жеке кәсіпкер:

— Біз табан ақы, маңдай термен тапқан табысымызды ала алмай жүрміз. Маған мердігер 17 миллион теңге қарыз. Қарамағымдағы 30 адаммен алған жұмысымызды сапалы істеп тапсырдық. Құрылысшылар менен талап етеді. Пәтерімді, көлігімді, тіпті алтын бұйымдарымды, бәрін сатып, жалақыларын бердім.

Таңат Әлібеков, құрылысшы:

— Ол Ильяға 10 миллион, Адамовқа 7, маған 1 миллион қарыз. Қазір бұл компания кетсе, ақшамызды қайтарып ала алмаймыз. Сотқа барайық десек, есепші қажет құжаттарды бермей отыр.

392 орындық мектепте 80 бүлдіршінге арналған шағын балабақша болады дегенде, екі бірдей шағын ауданның тұрғындары қатты қуанған. Бірақ құрылыстың аяқталар түрі жоқ. Мемлекеттің бір жарым миллиард теңгесіне салынып жатқан нысанды шенеуніктер жылда жаңа оқу жылында тапсырамыз деп уәде беріп жүр. Содан бері жеті жыл өткен.

Әсел Кәрімова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

— Бұл мектеп бір жеті жыл болды, салынбады. Біздің үйде екі оқушы бар, орталықтағы мектепке барады. Өте қиын. Кейде автобус та алмай кетеді. Құрылыс басталған жылы мектеп табалдырығын аттаған бала қазір 7-сыныпта оқиды.

Жыл бойы бес шақырымдағы Красный яр кенті мен Нұрлыкөш ауылына қатынайтын жолаушы толы автобуспен жүздеген бала қысылып-қымтырылып сабаққа барып жүр. Ал бас мердігер «Никс инжиниринг рупп» Серіктестігі қазір жұмысты тоқтатқан. 1 миллиард 200 миллион теңгені жаратып үлгерген компания әкімдікпен соттасып жүр.

Владимир Пинчук, «Никс инжиниринг груп» ЖШС директоры:

— Өйткені бізде сот процесі ұзаққа созылды. Тапсырыс берушімен әлі сот жүріп жатыр. Бұлай ұзап кетудің басты себебі, әу баста жобалаушылар қате жіберген. Сол қателіктен жертөленің қабырғасы қисайып, оны бұзып, қайта салдық. Ал жеке кәсіпкерлерге екіүш айда қарызын қайтарамыз.

Сатыбек Жолдасбаев, Ақмола облысы құрылыс басқармасының бас маманы:

— Қазір компания «сенімсіз серіктестік» деп танылды. Дегенмен енді олар қалған 300 миллион теңгені игеріп, мектепті тапсыруға тиіс. Өйткені келісімшарт бұзылған жоқ. Қазір құрылысшылары жұмысқа шығып жатыр. Мектепті биыл қалай да тапсыруға тиіспіз.

Су жаңа білім ошағы қыркүйекте ашылады деп күтілуде. Қазір нысанның 85 пайызы дайын екен. Алайда жергілікті тұрғындар мектептің биыл пайдалануға берілетініне сенбейді. Өйткені жеті жылдан бері құрғақ уәдеге әбден тойған.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата