jasqazaq.kz

Көкшетауда 87 жастағы шал мен әйелді бауыздады (Видео)

09 ақпан 2023, 21:52

Көкшетауда қанды қылмыс! 50 жастағы азамат жатақханада екі адамды пышақтап тастаған. Кейін өзі полицияға хабар беріпті. Бөлмедегі айқай-шуды көршілері де естіген.

Найман Демесінов, марқұмның көршісі:

— Шулап жатты. Бір ақсақал тұратын Әйелді кеңірдегінен төрт рет пышақтаған дейді. Шалды білмеймін. Масқара. Ешкімге зияны жоқ.

Бөлмеде 87 жастағы ақсақал жалғыз өзі тұрыпты. Қылмыс болған күні өзінен 30 жас кіші әйел мен ер адам қонаққа келген. Бірақ думанды дастархан соңы қанды қылмыспен аяқталды. Қаскөй өзімен бірге келген әйелді ақсақалдан қызғанған көрінеді. Асхана пышағын алып алдымен қарияны, одан соң әйелді кеңірдектен бауыздап жіберген. Қылмысқа барған бұл адам бұрын да кісі өлтіріп сегіз жыл түрмеде отырып келген екен.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Ауыр қылмысын бірден мойындады. Дегенмен полиция келгенше, пышақты жасырып, сыртқа лақтырып үлгерген. Екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті