
Солтүстік Қазақстан облысында ауа-райының күрт бұзылып суытуынан көктайғақ болып, мектептерде сабақ тоқтады. Қоғамдық көліктердің қозғалысы да тежелді. Әзірге бірінші ауысым оқушылары онлайн оқып жатыр.
Петропавл қалалық әкімдігі «Ауа-райына байланысты қалада қалыптасқан жағдайға сіздердің түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта мамандандырылған техника жұмыс істеп жатыр. Олар көшелер мен тротуарларға құм себуді сағат таңғы 5.00-ден бастады. Бұл шара қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жүргізіліп жатыр. Қоғамдық көлік біртіндеп өз маршруттарына шығарылады. Бүгін жұмыс берушілерден қызметкерлердің кешігуіне түсіністік танытуын сұраймыз. Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілеріне мүмкіндігінше аялдамалардан адамдарды алып кетуге шақырамыз. Құрметті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, жолдарда абай болыңыздар» деген хабарлама таратты.
JQ-Aqparat