
Павлодарда кафе клиентін ұрған күзетшілер қамауға алынды.Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екі күдіктіге қатысты, оларды екі айға тергеу изоляторына қамау туралы соттың шешімі шықты.
Естеріңізге салайық, қазанның төрті күні әлеуметтік желіде күзетшілердің клиентті ұрып жатқаны түсірілген ролик пайда болды. Осыған байланысты күзетшілерді жаза тарту мәселесі көтерілді. Қазанның бесі күні ҚР ІІ министрі Қалмұханбет Қасымов даулы роликке қатысты пікірін айтқан еді. Оның айтуынша, екі тараптың да адамдары жазаға тартылады.