jasqazaq.kz

Кинотуынды: «Қаныш» көрерменге жол тартады

30 қантар 2023, 15:06

Бүгін Алматыда және Астана қаласында 1 ақпанда қазақтың біртуар ғалымы Қаныш Сәтбаев туралы «Қаныш» толықметражды фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді. Фильм 2023 жылдың 2 ақпанында прокатқа шығады.

Бұл фльм қазақтың атақты ғалымы әрі біртуар геологы Қаныш Сәтбаевтың өмір жолын баяндайды. Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев отанының амандығын тілеп, оны дамыту үшін барын салған. Осы жолында Қаныш ашаршылық пен қуғын-сүргіннің қасіретіне бастан кешіп, қазақ халқының жойылып кете жаздағанына куә болады… Ғалым жарты ғасырдан астам уақыт бұрын 1964 жылы 31 қаңтарда өмірден өтті.

Фильм 2022 жылдың желтоқсан айының соңында «Literature in Cinema» халықаралық кинофестивалінде (Буэнос-Айрес, Аргентина) «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды. Ал 2023 жылдың қаңтарында фильм Үндістанда өткен «Athvikvaruni» халықаралық кинофестивалінде «Үздік азиялық көркем фильм», «Үздік концепция», «Үздік қоршаған орта/табиғат туралы көркем фильм» сынды қатарынан үш номинацияда жеңімпаз атанды.

«Қаныш» фильмінің алдын ала көрсетіліміне фильмді жасаушылар, шығармашылық топ, ғалымның туған-туысы, қоғам қайраткерлері, журналистер, блогерлер, демеушілер, медиа-тұлғалар мен өзге де адамдар қатысады.

Алматы қаласындағы көрсетілім 30 қаңтарда Әл-Фараби даңғылы, 77/8, «Esentai mall» СОО, Kinopark 11 Esentai IMAX, №6 зал мекенжайында өтеді. Басталуы: 18:30.
Астана қаласындағы көрсетілім 1 ақпанда Тұран даңғылы, 2, «Сарыарқа» СОО, Kinopark 8 IMAX Сарыарқа, 4-қабат, №6 зал мекенжайы бойынша өтеді. Басталуы: 18:30.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата