jasqazaq.kz

Әкімдіктің ақылсыз шешімі

08 қыркүйек 2016, 19:10

03-12-2015-zhakyp-asanov

Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов жерін мемлекеттік қажеттілікке деп алып жатқан тұрғындарға төленетін өтемақы мөлшері мардымсыз, тіпті ақылға сыймайтынын айтты. Tengrinews хабарлағандай, бүгін Астанада өткен «Әділдік – құқықтық қорғаныстың тетігі» атты алқалы жиында сөз сөйлеген Бас прокурор «Сіз 90-жылы жер сатып алдыңыз делік. Ол кезде сом болатын. 500 сомың – 1 теңге.

Астана әкімдігі осындай есеппен вокзал маңындағы жер телімін 2 теңге 80 тиынға бағалапты. Кейбіреулерге 5, 10 теңге ұсынған. Бұл «жергілікті биліктің мүлдем ақылға сыймайтын қисық шешімі. Оңтайлы жол – жердің орнына ақша емес, соған сай жер телімі немесе баспана беру» – деді.

Бас прокурор Бейжің мен Сочи Олимпиадалары қарсаңында билік жер иелеріне өтемақы ретінде коттедж, ал Қызылағаштағы тасқыннан соң зардап шеккендерге жайлы баспана салып берілгенін еске салды.

Ж. Асанов, сондай-ақ Астанада апатты жағдайдағы екі бөлмелі үйдің 6 тұрғынына аумағы сондай бір бөлмелі пәтер берілгенін тілге тиек етті. Оның пікірінше, заң бойынша дұрыс, бірақ қисынсыз. Ол «Атасы,  енесі, күйеуі және әйелдің бір бөлмеде тұрғанын қайдан көрдіңіздер?» –  деді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық