jasqazaq.kz

Кімдер экстремизмге үгіттеп жүр ?

21 желтоқсан 2016, 14:53

21 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің аумағын «Әт Тәкфир уәл Хижра» діни-экстремистік ұйымдарынан тазарту бойынша арнайы операциясы басталды. «Жедел іс-шаралар Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында бір мезгілде жүргізілуде. Діни алауыздық тудырып, тыйым салынған ұйымның іс-әрекетіне қатысы бар деген күдікпен 16 адам ұсталып, ҰҚК аумақтық органдарына жеткізілді», — деп жазылады ҰҚК сайтында. Мәлім болғандай, қазіргі таңда олардың тұратын жерлерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, басқа да жедел-іздестіру және іс жүргізу шаралары өткізілуде. Аталмыш ұйым мүшелері «сенімсіздікке айыптау» немесе «такфир» ұстанымын насихаттайтыны белгілі болды. Дәл осындай идеология негізінде «Әл-Каида», «ДАИШ» және басқа да террористік топтар құрылған. «Әт Тәкфир уәл Хижра» ұстанушылары Сирия мен Ирактағы лаңкестік іс-әрекеттерді қолдап, елдің билік жүйесі мен конституциялық заңнамаларын мойындамайды. Аталмыш ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, оның қызметі Қазақстан аумағында тыйым салынды. АҚШ, Ресей, Қытай, Египет, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан мен басқа да елдерде террористік ұйымдар тізіміне енгізілген. Ұлттық қауіпсіздік қызметі операция барысы мен тергеу нәтижесі  туралы хабарлайтын болады.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық