jasqazaq.kz

Кім Премьер-Министр болады?

29 наурыз 2023, 16:52

Бүгін Парламентте Премьер-Министрдің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынатыны белгілі болды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистердің сауалына: «Таяу күндері ұсынылады. Оны сол уақыты келгенде білесіздер. Қазіргі таңда ол мәселе толық шешімін таппады. Алдағы бір-екі күнде Президентке ұсыныс жасаймыз», — деп жауап берді.

Бұған дейін сарапшылар сан-саққа жүгіртіп, өз болжамын жариялап тастаған. Саясаттанушы Дәнияр Әшімбаевтың ойынша, дәл қазір премьерлікке құлшынып отырған ешкім жоқ, аймақтағы әкімдер де әзірге жылы орнынан қозғалғысы келмейді.

Ал «Еуразия мониторинг» талдау орталығының директоры Әлібек Тәжібаев: «Әлихан Смайыловты ауыстырудың қажеті жоқ. Ол өзінің жұмысын ойдағыдай атқарып отыр. Оның жұмысын бағалау үшін бір жарым жыл жеткіліксіз. Әрі Қаңтардан кейінгі кезеңде, геосаяси жағдайды ушығып тұрған кезде жұмыс жүргізуіне тура келгенін ескеру керек», — деген пікірде.
Amanat партиясы, бәлкім, ертең-ақ өз кандидатурасын ұсынады. Бірақ Премьердің орнына кім тағайындалса да «курорт» күтіп тұрған жоқ.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық