jasqazaq.kz

Киік атып еті мен мүйізін сатқан

20 қантар 2023, 16:46

Қызылорда облысында киікті атып мүйізі мен етін сақтап, тасымалдап қылмыстық жолмен қаржы тапқан тұрғын ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, жойылып кету қаупі төнген, қатары сиреген киікті атқан күдіктіні құрықтады.
Облыс тұрғынының тұрғылықты мекенін тексеру кезінде екі бас киіктің сойылған еті, терісі 36 дана мүйізі, 16-калибрлі аңшы мылтығы мен балтасы айғақ зат ретінде тәркіленді.

Polisia.kz «аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктермен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын, сот сараптамасы тағайындалғанын» мәлімдеді.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді