jasqazaq.kz

Киберпул интернет алаяқтықтың жолын кеседі

02 ақпан 2023, 15:27

Астанада полиция департаменті жанынан интернет алаяқтықтың алдын алып, фактілерді анықтайтын мамандар пулы іске қосылды.

Астана қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқарма басшысының орынбасары Қайрат Мәдиев: «Өткен жылдың соңында қалалық полиция департаменті жанынан киберпул құрылды. Мақсат – киберқылмыс және интернет алаяқтықпен күрес. Ондағы мамандар аталған бағыттағы әрекеттердің алдын алу және анықтаумен айналысады. Әр аудандық полиция басқармасында 10 қызметкер бар, ал жалпы қала бойынша 40 маман жұмыс істейді. Барлық маман арнайы даярлықтан өткен, жұмыс істеу алгоритмін біледі», – деді.

Оның айтуынша, өткен жылы елорда аумағында болған интернет алаяқтық қылмыстың 33 пайызы ашылды.

«Интернет алаяқтық жазасына келсек, кінәлі қылмыстың деңгейіне қарай 1 жылдан 5 жылға дейін арқалайды. Сонымен қатар аталған бағытта Интерполмен де бірлесіп жұмыс істейміз», — дейді Қ.Мәдиев.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде