jasqazaq.kz

Қызыл су басқан аймақтардың ахуалы талқыланды

25 наурыз 2023, 17:05

Үкімет басшысы Ә.Смайыловтың төрағалық етуімен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабы жиын өткізді. Басты мәселе – су тасқыны кезіндегі ахуалды қадағалау.
Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин еріген қар суы мен тасқыннан Абай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан және Павлодар облыстарында 163 тұрғын үй мен үш ғимаратты су басқанын, одан бөлек Ақтөбе облысында 13 үй, Атырау облысында бір тұрғын үй су астында қалғанын жеткізді. Облыс әкімдері өңірдегі жағдайды баяндап, қызыл сумен күрес қалай жүріп жатқанын баяндады.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов: «Халықпен нақты кері байланыс орнатып, олардың көмек беру туралы өтініштеріне дереу жауап беру қажет. «Әкімдіктер жолдар мен көпірлердің, электр желілерінің қираған учаскелерін қалпына келтіріп қана қоймай, орын алған жағдайға талдау жүргізіп, келесі су тасқыны кезінде болуы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерулері қажет. ТЖМ алдағы жылдарға арналған елді мекендерді су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін толықтыруы тиіс», — деді үкімет мүшелеріне тапсырма жүктеп.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті