jasqazaq.kz

Қыздары төбелеседі, ата-анасы айыппұл төлейді

11 қантар 2023, 23:23

Талдықорған қаласында құрбысын соққыға жықты деп айыпталған мектеп оқушыларының ата-аналары айыппұл арқалады деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Талдықорғанда құрбысын ұрды деп айыпталған мектеп оқушыларының ата-аналары сотқа тартылды. Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен әрбір отбасына 20 АЕК айыппұл салынды, бұл 69 мың теңгені құрады. Құқық бұзушы қыздарға қатысты ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу әлі де жалғасып жатыр. Жәбірленуші оқушы қыздың өкілі (оның әжесі) бастапқыда арыз беруден бас тартқан. Алайда кеше қалалық полицияға арызданды. Қыз емделу және толық медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция жанжалға қатысушыларға қатысты басқа да фактілерді тексеріп жатыр. Бейнежазбаның авторы кәмелетке толмаған қыздардың 19 жастағы танысы болып шықты. Ол да анықталып, полицияға жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы қыздардың әрекеттерін білім беру органдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын арнайы құрылған комиссия қарастырады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде осы тақырыпқа қатысты балағат сөздермен бейне-үндеу жариялаған тағы бір кәмелетке толмаған қыздың ата-анасына айыппұл салынды. Сондай-ақ қыздың өзіне қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша материал жиналған»

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка