jasqazaq.kz

Қыз алып қашу «қылмыс» емес

07 наурыз 2023, 15:03

Қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін қыз алып қашу «қылмыс» емес. Бұл туралы сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Ольга Николаева хабарлады.

«Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі, 23,6 пайызы қыздарды ұрлауға қатысты әрекеттерді бейтарап немесе оң бағалайды. Ал 54 пайызға жуығы егер қызды оның келісімінсіз ұрлап кеткен болса, онда құқық қорғау органдарына мәлімдеуі керек деп санайды. Сондай-ақ 11,7 пайызы қыз сол отбасыда қалуы керек десе, 18,4 пайыз адам, құқық қорғау органдарына хабарламауы тиіс деп есептейді», — деді Николаева.

Айта кетейік, елімізде қыз алып қашу статистикасы жүргізілмейді. Себебі қылмыстың осы түріне қатысты арнайы бап жоқ. Дегенмен кез келген адам бұл әрекеті үшін қылмыстық жазаның бар екенін ұғынуы тиіс.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті