jasqazaq.kz

Құтқарушылардың екінші тобы аттанады

08 ақпан 2023, 10:55

Елімізден Түркия еліне құтқарушылардың екінші тобы да аттанады деп хабарлайды JQ-Aqparat Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тиісті тапсырмасы бойынша аттанатын екінші лекте 60 адам бар. Олардың арасында ТЖМ құтқарушылары, апаттық медицина орталығының дәрігерлері, кинологтар жолға шығады. Зілзала апатының зардабын жоюға атсалысатын екінші лек те Газиентеп қаласына қонып, іздеу, құтқару жұмыстарына кіріседі. Төтенше жағжайлар министрлігі құтқарушылардың сапына енгендерге нұсқаулық беріп, тәжірибе сағатын өткізді.

12 ақпанға дейін аза тұту күні жарияланған Түркия мемлекетінде зілзаладан қайтыс болғандардың саны 5834-адамнан асып, жарақат алғандардың қатары 34 810 адамға жетті.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті