jasqazaq.kz

Қытай мұздатылған импорттық азық-түлікті COVID-19 вирусына тексеруден бас тартты

29 желтоқсан 2022, 18:28

Қытай мұздатылған және салқындатылған импорттық өнімдерді COVID-19 вирусына сынақтан өткізуді тоқтатады. Жаңа ережелер 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының мәлімдемесінде айтылған. 

Ведомство мәлімдемесінде айтылғандай, 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап елдің шекаралық бақылау бекеттерінде барлық салқындатылған және мұздатылған импорттық өнімдерді COVID-19 вирусына тексеру тоқтатылады.

2020 жылы Қытай билігі коронавирустың таралу қаупін азайту үшін импорттық азық-түлікті бақылау жүйесін іске қосты. Қытайға әкелінген кезде коронавирусқа міндетті тестілеу арқылы мұндай өнімдердің бүкіл ел бойынша жеткізілу бағытын бақылайтын цифрлық платформа құрылған.

Елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь Қытайдың COVID-19-ға қарсы әрекетін түзетуі жаһандық құн тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Бұрын хабарланғандай, коронавирусқа «мүлдем төзбеушілік» саясатынан шығу ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәлімдемесінен кейін орын алды. Онда 2023 жылғы 8 қаңтардан бастап COVID-19 классификациясы COVID-19 классификациясы енгізілгені туралы жұқпалы аурулар рейтингінде «А» санатынан «В» санатына дейін төмендейтіні атап өтілген.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді