jasqazaq.kz

Құрлық аламанында алты боксшы алтынға таласады

25 қантар 2023, 18:15

Тайландтың бас қаласы Бангкокта 22 жасқа дейінгі жастар арасында ерлер мен қыздар арасында бокстан Азия чемпионаты мәресіне жақындап келеді. Қыздар құрлық додасын аяқтап қойды. Қазақ елінен аттанған аруларымыз Азия чемпионатынан 2 алтын, 7 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 3-сатыға тұрақтады.

Жастар арасындағы Азия чемпионатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлсая Ержан және 70 келіде Жасмин Қизатова алтын медаль иеленді. Гүлсая финалда тайландтық боксшы Порниппа Чутиді жеңсе, Жасмин өзбек қызы Азиза Зокировадан жеңісті жұлып алды.
Азия чемпионатының 7 қола жүлдесін Мөлдір Тойкова (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі), Дана Дидай (75 келі) олжалады.

Ерлер арасында Азия чемпионатының финалына алты боксшымыз шықты. Олардың ішінде төрт боксшымыздың жолы өзбек спортшыларымен түйіспек. 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай, 54 келіде Нұрсұлтан Алтынбек, 57 келі салмақта Махмұд Сабырхан, 67 келіде Абзал Серік, 71 келі салмақта Сабыржан Аққалықов, 75 келіде Диас Молжігітов Азия чемпионатының алтын медалі үшін ертең айқасады.

Азия чемпионатының қола медалін Талғат Сырымбетов (60 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерасыл Жәпеков (80 келі), Ерхат Бекзат (92 келі), Аманат Сабырғали (92 келіден ауыр салмақ) еншіледі. Бұл Азия чемпионатына елімізден барған ерлер құрамасындағы 11 боксшымыз медальмен оралады деген сөз.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата