jasqazaq.kz

Қылмыстық топтың 40 мүшесі құрықталды

06 наурыз 2023, 10:01

Ішкі істер министрлігінің ұйымдысқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК-нің бесінші департаменті бірлесіп, Қарағанды облысында бірнеше жылдан бері теріс әрекет етіп келе жатқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Polisia.kz. жазуынша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері атыс қаруын оңды-солды қолданып, үнемі қақтығыстар ұйымдастырған. Жедел анықталған дерек бойынша қылмыстық топтың мүшелері 50-ге тарта. Тіпті олардsң арасында құқық қорғау органының бұрынғы қызметкерлері, күзет ұйымдарының да қызметкерлері жүр.
«Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған.Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде «Арселлор Миттал Теміртау» Акционерлік қоғамында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері ашылды.Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды – бұл бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық. Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілді, 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді. Полицияға 40 адам жеткізілді. Жедел-тергеу шаралары жалғасып» жатқанын мәлім етті Polisia.kz.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде