jasqazaq.kz

Қылмысқа қатысты 2,5 мың күдіктіге іздеу салынған

27 наурыз 2023, 11:39

Кейінгі үш жылда елімізде қылмыстық қудалау органдары қылмыс жасады деген күдікпен 3 мыңнан астам адамға іздеу жариялаған. Шет мемлекеттерде ұстап, оларды Қазақстанға экстрадициялауды прокурорлар да үйлестіріп, 500 адам құрықталыпты. Әзірге қалған 2,5 мың күдіктіге іздеу салынып отыр.

«Қазір 2500-ден астам адамды ұстауға жатады. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 тұлға іздеуде.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды.

Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың арқасында іздеуде жүрген қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталды, олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр.
Мысалы, ағымдағы жылы қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды (4 — кісі өлтіру бойынша, 2-қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін).Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау үшін іс-шаралар жүргізіліп» жатқанын мәлім етті бас прокуратураның баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта