jasqazaq.kz

Қосшыдағы он жасар қыз өліміне жедел жәрдемнің кешіккені себеп туралы ақпарат жоққа шығарылды

30 қантар, 16:00

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Қосшы қаласындағы мәдени-спорттық кешенде кешегі 10 жастағы қыз баланың қайтыс болуына байланысты жедел жәрдемнің екі бригадамен келу себебін түсіндірді.
Ведомство мәліметінше, алғашқы шақырту сағат 16:18-де түскен. Баланың басы ауырып, жүрегі айнығаны айтылған. Шақырту төртінші санатқа жатқызылған. Кейін баланың жағдайы күрт нашарлап, есінен тануына байланысты екінші — шұғыл санат беріліп, мамандандырылған бригада жіберілген.
Алайда дәрігерлер келген сәтте бала өмір белгілерін көрсетпеген. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. Мамандандырылған бригада оқиға орнына 16:37-де жеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің «40 минутта келгені» туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазіргі таңда өлімнің нақты себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім бронхиалды демікпе аясында дамыған жедел жүрек-тыныс жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін.
Еске салсақ, он жасар қыз қаладағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінде сабақ кезінде қайтыс болған еді.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді