jasqazaq.kz

Қос азаматтыққа 200 АЕК айыппұл

20 ақпан 2023, 14:02

Елімізде өткен жылы қос азаматтық алғаны үшін 841 адам жазаға тартылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды.

Өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 138-і сот шешімімен елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды.

Соңғы бес жылда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 3000-ға айыппұл салынып, 473-і елден шығарылған. Барлығынан Қазақстан азаматтығы алынып тасталған.

Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу мақсатында басқа азаматтықты қасақана жасыру үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарланып отыр.

Министрлік еліміздің азаматтығынан айырылғандар Қазақстан азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны, сондай-ақ заңда белгіленген адамдарға хабарламағаны үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қос азаматтығы бар деректі жасырғаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе елден шығару қарастырылған. Басқа азаматтықты қабылдау кезінде зардаптарды болдырмау үшін басқа елдерге кеткен және басқа азаматтықты қабылдаған Қазақстанның бұрынғы азаматтары 30 күн ішінде Қазақстанның консулдық мекемесіне азаматтықты жоғалтуды тіркеуге өтініш беруі керек.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка