jasqazaq.kz

«Қорғас» қашан ашылады?

25 ақпан 2023, 15:05

Жетісу облысының экономикалық дамуына серпін беретін бағыттың бірі – логистика. Перспективалы бағыт саналатын логистика облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға бірден-бір серпін беріп отырған өріс. Пандемия дауылы соққалы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы да жұмысын тоқтатқан болатын. Жетісу облысында жұмыс сапарымен жүрген Премьер-министр Әлихан Смайылов қытай тарапымен мәмілеге келіп, ашу жөнінде келісім болғанын айтты.
«Қорғас» жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, Орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек», — деді Үкімет басшысы Жетісу облысынң орталығында өткен кеңейтілген кеңесте. Премьер-министр өңір халқының әлеуметтік, тұрмыстық ахуалын көтеру мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда ауылдық жерлерге газ тартуды, «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырын салуды, Талдықорған қаласында «Басқуат» қазандығын қайта жаңартуды, Текелі қаласының тұрғындарынс апалы ауызсумен қамтуды жүзеге асырып, артылған сенімге селкеу түсірмеуді міндеттеді. Бірнеше ауылға тартылған ауызсу құбырын қайта жөндеп жаңарту, апаттық жағдайдағы көпірлерді жөндеу, Ақсу, Кербұлақ аудандарының орталық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізу, Талдықорған қаласында 500 орынға лайықталған емхана салуға қаражат қарастыру керектігін де айтты.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты