jasqazaq.kz

Қонаев қаласында Әз Наурызды ерекше атап өтті (Видео)

22 наурыз 2023, 18:32

Биыл Наурыз мерекесі Қонаев қаласында ерекше ауқымда өтті.
Театрландырылған қойылым жомарттық пен қонақжайлылыққа толы қазақ халқының мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын көрсетті.
Орталық алаңға 10-нан астам киіз үй орнатылды. Дәстүрлі ұлттық тағамдар: наурыз-көже, палау бауырсақ және қымыз қонақтар мен қала тұрғындарына көптеген шатырларда және киіз үйлердің алдында таратылды.
Ұлттық киімдегі батырлар мен сұлулар, асыл әжелер қонақтарды мереке атмосферасына толығымен батырды.
Қала әкімі Нұрлан Құматаев өз сөзінде Наурыз мерекесі әрқашан бірлік пен достықтың символы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, барлық игі істер мен ойлар оларды жасаған адамдарға жүз есе оралуын тіледі.
Наурыз мейрамын мерекелеу күні «Қамқор жүрек» қалалық мүгедектер қоғамына Мұрат Сіргебаевтың демеушілік қолдауының арқасында сатып алынған жаңа арнайы көліктің кілті табысталды. Оның салонындағы ретро автомобильдер шеруі мерекені ерекше безендірді, ал ке шке орталық алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының гала-концерті өтеді.

@jasqazaq.kzҚонаевтағы Наурыз♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

 

Мақпал Ноғайбаева,

Алматы облысы

 

 

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті