jasqazaq.kz

Қола медалін қолдан беруі мүмкін

22 ақпан 2023, 11:40

Токио жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ауыр атлет Игорь Сонның қаны таза болмай шықты. Допингке қарсы ұлттық орталық енді Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионатынан күміс жүлде алған спортшыны сегіз жылға шеттетпек. Спортшының допингке қарсы тапсырған сынамасынан метастерон табылған.

Игорьдың бұл дауға екінші мәрте ілігуі, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатынан оралған соң да қанынан рұқсат етілмеген препарат табылған болатын. Бірақ ауыр атлет ағзасына препараттың биоқосымшалар арқылы өткенін дәлелдеп ақталған еді. Бұл жолы ауыр соғатын секілді. Себебі Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) талабы қатаң. Допинг дауына іліктің бе, еншіңе бұйырған медальдардың бәрін сыпырып алады.

Еліміздің допингке қарсы ұлттық орталығы тек Игорь Сонның ғана емес, басқа да споршылардың препарат қабылдағанын анықтап, жарыстарға қатысу құқығынан айырды. Олардың арасында жеңіл атлеттер, таеквондошылар да бар.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті