jasqazaq.kz

Қоғамды қалай сауықтырамыз?

04 маусым 2019, 11:32

Қоғамда жүйкесі сыр берген азаматтардың әрекеті сау адамдарды қатты ойландыра бастады. Өйткені, олар кейде өзгелердің өміріне қауіп төндіретін, ортаға залалы тиетін әрекетке барады. Сондықтан мұндай науқастардың дер кезінде емделіп, сауығып, ортамызға қосылғаны керек. Ал мұның жолы бар ма?
–Кеңес заманы мен қазіргі уақытта салыстырсақ, айырмашылық біреу ғана. Ол кезде бүкіл дерек өте құпия сақталатын. Қазір кез келген деректе интернет көздерінен таба аласыз. Қазіргі таңда қарапайым адам еш жерден ала алмайтын мәліметтерге қол жеткізе алатындықтан, психикалық дертке ұшыраған азаматтар қатары тым көбейіп кеткен секілді. Шын мәнінде, көрсеткіштерде өсім байқалмайды. Мәселен, Алматы қаласы бойынша 10600-ге жуық азамат есепте тұрады. Соның 70 пайызы шизофренияға шалдыққандар, сонымен қатар органикалық өзгерістері бар адамдар. Яғни туу кезінде басынан жарақат алу, жол апатынан, ақыл-ой кемістігі осында есептен тұрады, – дейді. Осы сауалды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Психикалық сауықтыру орталығының директоры, Сапар Рахманшеев.
2018 жылдың 11 шілдесінен бері наркология орталық және әлеуметтік еңбек орталығы қосылып, қызмет көрсету аясы кеңейген. Медицина заманға сай болуы керек. 2017 жылы Бостандық және Әуезов ауданында емханаларда пилоттық жүйеде жаңалық енгізілді. Осылайша жеті ауданда дәрігерлер азаматтарды қабылдай бастады. Бұл психиатриялық көмектің қолжетімділігін көрсетеді. Екіншіден, қарапайым халыққа психологқа немесе психиатрға барып ақыл-кеңес алу керек десе, олар ат-тонын ала қашады. Кабулкова көшесіндегі орталыққа келуден шошынады. Сондықтан пилоттық жобаның көмегі зор болмақ.
Қазіргі деректерге қарағанда, тұрғындар жергілікті ауруханадағы мамандарға баруда көбейткен. Осылайша, жүйкесі сыр берген азаматтардың дертін жасырып жүргендері де дәрігерге қарала бастады. Бұл іштегі үрейді азайтты. Тиімділігі өте жақсы.
Сапар Рахманшеев әңгіме арасында: «Медицинада тұрғындар мені психиатр қарасын деп өтініш жасамаса, біз оны күштеп емдей алмаймыз. Қалада наркологиялық дертке қатысты да шаралар қолға алынып жатыр. Есірткінің түрі де өзгеріп жатыр. Синтетикалық есірткі қолданылуда. Ол адамды тәуелділікке итермелейді. Ағзаға орасан зиян зиян келеді. Алты айда 700-ге жуық адамда диспансерлік тіркеуден шығардық. Оның 49 пайызы есірткіге тәуелділіктен толық айыққан. Мысалы, есірткі қолданатындар диспансерлік бақылауда 5 жыл, маскүнемдікке салынғандар 3 жыл тұрады. Егер азамат 5 жылда есірткі қолданбаса, ол сауыққандар қатарына жатады. Тізімнен шығарамыз. Маскүнемдер де солай. Бәрі адамның өзіне байланысты», – дейді.
Ең бастысы, науқастың туған-туыстарының өзі осында үкілі үмітпен келеді екен. «Жазылып кетсе» деп тілейді. Егер науқастың ниеті дұрыс болса, жазылуы да тез көрінеді. Осы орайда түрлі әдіс-тәсіл қолданылады.
Қазір стресс, депрессияға ұшырағандарға да медициналық көмек көрсету керек. Ішкі сырын ешкімге айтпайтын, тұйық адамдардың дерттен арылуы қиын. Дәрігерлік құпия қатаң сақталады. Сондықтан азаматтар дер кезінде дәрігерге барғаны жөн. Мамандар сараптама жасап, қандай әдіс қолдануды өздері шешеді. Осы орайда дерттің өршу кезінде дәрі-дәрмекпен емделеді, науқас есін жиған соң, психатерапиялық көмек көрсетіледі. Ол аурумен жеке, топпен немесе отбасылық жағдайда да емдеу жүргізіледі. Сәулелік емдеу әдісін енгізу де жоспарланған.
Жүйкесі ауыратындар дерті өршігенде өз өміріне ғана еемс, тұрғындарға да қауіп төндіреді. Дерті бар азаматтардан бәрін күтуге болады. Мұндай жағдайда науқастарға біздің дәрігерлер немесе жедел жәрдем қызметкерлері барады.
Өкінішке қарай, біздің халқымыз жүйкесі сыр берген кісілерді емшілерге, әулие-әмбиелердің басына апаруға әуес. Егер науқастың тез сауығуын қалаған отбасы бірінші кезекте ауырған кісіні білікті мамандарға көрсеткені дұрыс. Ақыл-кеңес алып тұрған жөн. Науқас дәрігерге қаншалықты тез көрінсе, жазылу да жеңіл болады екен.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды