jasqazaq.kz

Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?

22 қантар, 15:22

Ұлттық Құрылтайдан кейін алдағы уақытта Парламентте ауқымды өзгерістер болуы мүмкін. Әсіресе қазіргі депутаттардың орнын сақтап қалу мүмкіндігі бар ма деген сұрақ туындауда. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Jas Qazaq тілшісіне айтып берді.

Дәулет Мұқаевтың сөзінше, алдағы сайлаудың тағдыры референдумнан кейін айқындалады. Егер референдум өтіп, Конституцияға өзгерістер енгізілсе, сайлау жүйесі де соған сай жаңарады. Мұндай жағдайда жеке мандатты депутаттар институты толықтай жойылып, депутаттар тек партиялық тізім арқылы сайланады.

«Қазіргі депутаттардың қайта сайлану мүмкіндігі бар ма?» деген сұраққа келсек, олар да партиялық тізім арқылы ғана өте алады. Ал партия құрамына кімдер кіретіні, тізімге кімдердің енетіні – бұл партияның ішкі тәртібі мен регламентіне байланысты шешіледі. Бұрынғыдай жеке мандат жүйесі болмайды. Мысалы, мен жеке мандатты депутат болған кезде Астананың екінші сайлау округінен, нақтырақ айтсақ, Сарыарқа және Есіл аудандарының тұрғындары тікелей сайлаған еді. Ал келесі сайлауда азаматтар жеке тұлғаға емес, партияға дауыс береді. Мәселен, егер қандай да бір партия 50 пайыз дауыс жинаса, онда 145 депутаттың шамамен 72–73-і сол партияның өкілдері болады. Сондықтан алдағы уақытта сайлау бәсекесі партиялар арасында өтеді, ал халық тікелей партияларға дауыс беретін болады», — деді Дәулет Мұқаев.

Өзінің қайта сайлануына қатысты сұраққа депутат нақты шешім қабылдамағанын жеткізді. «Бұл — уақыттың еншісіндегі мәселе. Әзірге нақты мақсат қойған жоқпын, ойлануға уақыт бар», — деді Дәулет Мұқаев.

Олжас Әбдіхалық

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді