jasqazaq.kz

Қазақстандықтар 2023 жылы қалай демалады?

27 желтоқсан 2022, 13:44

Алдағы жылы бес күндік жұмыс аптасымен санағанда қазақстандықтарды 245 жұмыс және 120 демалыс күндері күтеді. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

2023 жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда — 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз.

2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз.

Ең ұзақ демалыс күндері:

Қаңтарда жаңа жылға 3 күн — 1, 2 және 3 қаңтар;
наурызда 3 күн — 21, 22 және 23 наурыз;
сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн — 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн — 6, 7, 8 және 9 мамыр;
шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады — 6, 7, 8 және 9 шілде;
желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн — 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі — 7 қаңтарға сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс берілмейді.

Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде