jasqazaq.kz

Қазақстандық құтқарушылар қираған үйден әйелді тірі тапты (Видео)

08 ақпан 2023, 15:44

Зілзаланың зардабын тартып жатқан Түркияға елімізден көмек көрсетуге аттанған құтқарушылар әйел адамды қирған үйдің үйіндісінен аман алып шықты. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі қазақстандық құтқарушылар қауіпті аймақтарда жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

«Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары ныснадарға бекітілген болатын. Өткен тәулікте бірінші топ өте көлбеу келген алты қабатты үйді зерттеді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Блоктан шығару және үйге кіру жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр. Екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйді зерттеді, сонымен қатар жергілікті құтқарушылармен бірге тірі адамды — зардап шеккен әйелді қираған үйдің астынан шығарып алды. Осы нысанда құтқарушылар 1 адамның денесін тапты» деді министрліктің баспасөз қызметі.

 

 

@jasqazaq.kzТүркияға көмекке кеткен құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге үйінді астынан әйелді шығарып алды♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті