jasqazaq.kz

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру ережелері бекітілді

12 қантар 2023, 12:43

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша ережелерді түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыруды өткізу туралы жариялаған болатын.

«Осы тапсырманы орындау мақсатында бұдан бұрын қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді. 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекітті. Ережелер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, яғни ережелер бүгін жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз», — дейді Игорь Лепеха ОКҚ брифингінде.

Көрсетілген қағидаларда автомобильдер қандай жағдайларда 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін төлей отырып және утиль алымнан босатыла отырып, жария етілуге жататын нақты өлшемшарттар белгіленген.

Ол үшін біріншіден, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек.

Екінші — іздеуде болмауы қажет;

Үшінші — басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы қажет;

Төртінші — кедендік «тазартудан» өту.

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы беруге болады. Мамандандырылған ХҚКО-ларда арнайы секторлар ұйымдастырылады, олар тек автомобильдерді заңдастыруға құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ, Әкімшілік полиция қызметкері қатысып, жария етуден өту тәртібін және Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері, қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеу тәртібін түсіндіреді.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка